9.03.2022, 11:40
Оқылды: 99

АҚШ ресейлік мұнай мен газ импортына тыйым салмақ

АҚШ Ресейден шығатын барлық энергия импортына тыйым салады. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үйде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

200518071811130e

АҚШ энергетикалық тәуелсіз ел болуы керек, сонымен бірге Вашингтон Еуропалық Одақпен Еуропа елдерінің Ресейден мұнай мен газды қайтару перспективаларын талқылап жатыр, деді Байден.

«Бұл дағдарыс біздің экономикамызды ұзақ мерзімді перспективада қорғау үшін энергетикалық тәуелсіз болуымыз керек екенін нақты еске салады. Мен соңғы айларда еуропалық достарымызбен ресейлік мұнайдан қалай құтылу керектігі туралы бірнеше рет сөйлестім. Бұның әрі қарай жалғаса беруі мүмкін емес», - деді Байден.

Сонымен қатар әлемдік Shell ресейлік мұнай мен газды пайдаланудан бас тартпақ

Shell компаниясы таратқан хабарламада ресейлік мұнай өнімдерін, құбыр газын кезең-кезеңімен бас тартатынын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале