3.02.2022, 12:29
Оқылды: 93

АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы егуді бастауды жоспарланып отыр. Иммунизация үшін Pfizer препараты қолданылады. Вакцинация ақпан айының соңында басталады деп күтілуде, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

8

Палестина Батыс жағалаудағы барлық мектептерде күндізгі сабақтарды тоқтатты. Шешім ковид ауруының өсуіне байланысты қабылданды және ол 12 ақпанға дейін жалғасады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі «Батыс жағалау мен Газа секторында бұрын-соңды болмаған аурушаңдық тіркеліп, жағдайдың ушығуы тағы бірнеше күн жалғасады» деп атап өтті.

Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Түркияда — 102 601, Оңтүстік Кореяда — 20 270, Словакияда-20 224.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале