20.06.2023, 17:15
Оқылды: 467

АҚШ-та болған жойқын торнадодан 20-дан астам адам зардап шекті

Өткен түнде Миссисипи штатынан жүріп өткен бірнеше торнадо салдарынан 20-дан астам адам зардап шегіп, бір тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

280B773F-16B6-4FB3-9C06-0F9A2918011B

Луин деп аталатын шағын қалашық қатты зардап шеккен. Әуеден түсірілген сурет пен видеоларда қираған үйлер, сынық үйінділері мен майысқан ағаштар бейнеленген. Құйыннан қатты зардап шеккен қаланың бірі Мосс-Пойнтта жеті адам банк ғимаратында қамалып қалған. Оларға құтқарушылар көмекке келді.

Апат бригадасы залал көлемін анықтап жатыр, кей аймақтарда электр тарату желісі құлағандықтан пилотсыз ұшу аппараттары жұмыс істеп жатыр. Жергілікті билік өкілдері жол мен басқа инфрақұрылым нысандарының зақымдалғанын хабарлады.

Миссисипидің орталық бөлігінде 49 000-нан астам үй күшті жел салдарынан жарықсыз қалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале