13.12.2021, 10:30
Оқылды: 37

АҚШ-тағы торнадо: Адам шығыны 80-нен асты

АҚШ-тың алты бірдей штатын шарпыған торнадо салдарынан кем дегенде 83 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

13

«Апат салдарынан ондаған адам хабар-ошарсыз кетіп, кей қалалар тұтас қирады. Жұманың кешінде бұл өңірде 30-ға жуық торнадо жүріп өткен болатын.

Президент Джо Байден АҚШ үкіметі торнадо салдарынан зардап шеккен елдің орталық аудандарына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатқанын айтты. Байден Төтенше жағдай жаряилау туралы декларацияға қол қойды. Бұл Кентуккиге федералдық қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Өйткені апаттан көп зардап шеккен осы штат болып отыр. Президенттің пайымынша, жұма күні АҚШ тарихындағы ең сұрапыл торнада болған», - деп жазды BBC-дің орысша қызметі.

Ақпарат ресрусының мәліметі бойынша аталған Кентукки штатының өзінде ғана 70-тен астам адам қаза болған. Мэйфилдтегі зауытта 100 адамның үстіне ғимаратытң шатыры опырылып, ондаған адам аруханаға жеткізілген еді. Қиранды астынан 40 адам аман табылған.

Орта батыстағы 5 штатта торнадо салдарынан кемінде 12 адам қайтыс болғаны хабарланып жатыр. Иллинойс штатының Эдвардсвилл қаласындағы Amazon компаниясының қоймасында да шатыр құлап, 6 адамның опат болғаны мәлім болды. Із-түссіз жоғалғандар туралы мүлдем дерек болмай жатыр.

Арканзас штатында қаза тапқан екі адамның бірі жартылай қираған қарттар үйінен шыға алмай қалған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, Теннесси штатында үш адам қайтыс болған. Ал, Миссури штатында бір адамның өлгені расталды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале