9.02.2022, 9:02
Оқылды: 74

«Ақшақар–2022» 

Ақпанның 9-12-cі аралығында шаңғы туризмі техникасынан оқушылар арасындағы облыстық «Ақшақар – 2022» жарысы өтеді.

IMG-20220208-WA0073

Жарыс облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Евразия» туристік-сауықтыру кешеніңде ұйымдастырылады.  Оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдауға бағытталған жарысқа аудандардың және Орал қаласының құрама командалары  қатысады. Жасөспірімдер тобында 14-17 жастағылар (2005-2007 ж.ж.) және балалар тобында 11-13 жастағы (2008-2011 ж.ж.) жеткіншектер сынға түседі. Үш күнге созылатын сайыс барысында оқушылар «Эстафета», «Жеке», «Байлам», «Таңдау бойынша кросс-жорық» аталымдары бойынша бақ сынап, әрі «Қысқы балық аулау» байқауына қатысады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале