19.07.2022, 16:15
Оқылды: 83

Ақтөбеде балалы әйелге иттер шабуыл жасады

Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын үй алабында балалы әйелге иттер шабуыл жасады. Әйел екі жасар ұлын қорғап қалған, бірақ иттер тұрғынның аяғын тістеп тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

01

Әйелдің жұбайының айтуынша, ол сағат 19.00 шамасында 3-ықшамауданнан 4-ықшамауданға шыққан. Бір топ ит әйелге шабуыл жасағанда қасында екі жасар ұлы болған.

"Әйелім ауырып, ине салдыруға көрші үйдегі туыстарына шыққан. Баламыз қасында болды. Иттер шабуыл жасағанда, ол баланы көтеріп, қолтығына қысып алған. Бірақ иттер өзіне шабуыл жасаған. Әйеліме көмектесуге екі адам жүгіріп келіп, иттерді қуып жіберіпті. Баламыз қатты қорқып қалды. Қазір иттерден қорқады. Әйелімді ауруханаға алып кетті, қазір екпе салдырып жүр. Құрылыс алаңындағылар мұнда иттер жиі жүретінін айтты. Олар қорықпайды. Менің әйеліме ғана емес, басқа бір жігітке де шабуыл жасапты. Ол иттерді қорқытып, қашып үлгерген", - деп бөлісті ер адам.

02

Ветеринария басқармасы мәліметінше, жыл басынан 2 наурызға дейін облыста 3792 ит, Ақтөбе қаласында 2294 ит ауланып жойылған. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заң күшіне енгеннен бері 2 наурыздан бері облыста 4 302 қаңғыбас ит ауланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале