5.08.2026, 13:00
Оқылды: 20

Ақуызды шамадан тыс тұтынғаннан гөрі, мөлшерімен тұтыну пайдалырақ болуы мүмкін

350-ден аса ғылыми зерттеуге жасалған шолу авторлары адамдардың көпшілігі үшін ақуызды шамадан тыс тұтынудан қарағанда, оны қалыпты мөлшерде пайдалану пайдалырақ болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижелері Cell Press Blue ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.

Assorted healthy protein source food good for body building ingredients as: salmon, chicken, beef, fish, eggs, beans legumes and nuts, artichoke, broccoli, cheese, yogurt, and eggs on a kitchen gray table

Сурет: istockphoto.com

Неге ақуыздың артық мөлшері бәріне бірдей пайдалы емес?

Шолу авторлары пікірінше, адамдардың көпшілігі үшін ақуызды тағамдарға тым әуестену күтілген нәтижені бермеуі мүмкін. Олар "көбірек ақуыз жеңіз" деген әмбебап ұсыныс барлығына бірдей сәйкес келмейтінін, ал оның оңтайлы мөлшері жасқа, физикалық белсенділік деңгейіне және денсаулық жағдайына байланысты екенін анықтады.

"Белсенді адамдарда ақуыздың бұлшықет өсуіне және физикалық жүктемелерге реакциясына пайда әкелетіні анық. Бірақ адамдардың көпшілігі аз қозғалатын өмір салтын ұстанады және ағзаға қажетті мөлшерден артық ақуыз алуы мүмкін. Бұл денсаулыққа кері әсерін тигізуі ықтимал", - деді зерттеу авторы Дадли Лэмминг.

Ақуызды тұтынуды қалыпты деңгейге дейін азайтқанда ағзада не болады?

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, ақуызы аз тамақтану май тіндерін азайту, энергия шығынын арттыру және қандағы қант деңгейін тұрақтандыру арқылы зат алмасуды жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

 Зерттеушілер адамдарда да, жануарларда да ақуызды қалыпты тұтыну, тіпті қабылданған калорияның жалпы саны жоғары болса да, қандағы қант деңгейін жақсырақ бақылауға және майдың аз жиналуына әкелетінін атап өтті.

Кімдерге ақуызды шектеуге болмайды?

Алынған нәтижелерге қарамастан, шолу авторлары ақуызы аз диета бәріне бірдей жарамайтынын ескертеді.

Олар келесі санаттағы адамдарға ақуыз тұтынуды шектеуге кеңес бермейді:

  • жүкті әйелдерге;
  • өсу кезеңіндегі балаларға;
  • қарт адамдарға;
  • ауыр жарақаттардан кейін қалпына келіп жатқандарға.

Бұл жағдайларда ағзаның қалыпты дамуы мен тіндердің қалпына келуі үшін ақуыз өте қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале