9.09.2021, 16:15
Оқылды: 103

Ақылы жолдардың кейбірінің тарифі 50 пайызға арзандауы мүмкін

Ақылы жолдардың жекелеген учаскелері бойынша төлемдер шамамен 50%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

47

Төлем тарифтері 2013 жылы бекітілген. I-санаттағы жолдарға қатысты мынандай тарифтер қолданылып жүр: жеңіл автокөліктер үшін 1 км=1 теңге, ал автобустар мен жүк көліктері үшін рұқсат етілген жүк салмағына байланысты мүлдем басқа тарифтер сұралады. Бұл мөлшерлемелер қайта қарауға жатпайды. Жүк тасымалдаушылар бұл ретте шағымданған жоқ. Мәселе II-III санаттағы жолдарға қатысты. Біз арнайы "ҚазЖолҒЗИ" институтына нұсқаулар бердік. Көлік жиілігін ескере отырып, жол жүктемесі есептелді. Иә, олар шамамен 50% арзан болады. Бірақ, әзірге біз оларды мемлекеттік органдармен және "Атамекен" ұлттық палатасымен келісіп жатырмыз, - деді Камалиев брифингте.

"ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ басқарма төрағасы Асқар Маратұлының айтуынша, ұзындығы 5,8 мың шақырым учаскелер үшін жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.

Бірінші кезеңдеде биылғы жылдың 1 қазанынан қарашасына дейін - ұзындығы 1,8 мың км болатын І-санатты учаскелер үшін төлем енгізу жоспарлануда, - деп нақтылады ол.

Компанияның мәліметінше, бүгінде жеті жол учаскесі коммерциялық пайдалануға дайын, атап айтқанда: Нұр-Сұлтан - Павлодар, Шымкент - Өзбекстан шекарасы, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар, Қапшағай - Талдықорған, Нұр-Сұлтан - Көкшетау - Петропавл.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале