28.12.2021, 13:00
Оқылды: 190

Ақын Е.Бимұханов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды

Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық өнер мен мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ақжайық әдебиеті» атты Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының жыл қорытындысы өткен болатын.

 WhatsApp Image 2021-12-28 at 12.41.13

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі ақын Ақберен Елгезек, Жүрсін Ерман бастаған әдебиеттің белді өкілдері қатысты.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі, ақын, жерлесіміз, «Жайық Пресс» ЖШС-нда 15 жылдан астам қызмет атқарған Ертай Сағындықұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды.

Ақынға куәлікті Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет табыстады.

Сонымен қатар Е.Бимұхановқа “Ақын Жанғали Набиуллинге - 85 жыл” мерейтойлық төсбелгісі де табысталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале