22.09.2022, 16:18
Оқылды: 113

Ақын мерейтойына арналған көрме ашылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын Қайрат Жұмағалиевтің 85 жылдығына арналған шара өтті.

85 жыл (4)

Шараға облыстық әмбебап кітапхананың қызметкерлері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттері мен ұстаздары, музей қызметкерлері қатысты.

85 жыл (3)

-Ақжайық өңірінде дүниге келген тұлғаларымызды, тарихи құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында музей көптеген шара өткізуде. Жастар арасында елге  деген  сүйіспеншілікті арттырып, халқымыздың  тарихы, мәдениеті, дәстүріне терең үңіліп, тани түсуіне ықпал ету басты мақсатымыз. Биылғы жыл атаулы даталарға толы. Бүгін қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевтің 85 жылдығына орай «Нарыннан шыққан нар тұлға» атты көрмені ашпақпыз. Алдағы айларда Мәншүк Маметованың 100 жылдығы мен Сырым Датұлының 275 жылдық мерейтойына орай ғылыми конференциялар өтеді. Мәдени шаралар әлі де жалғасады,  - деді  жиынды бастаған музей директорының орынбасары Ажар Берікқалиева.

Одан әрі жиында ақынның шығармашылығы туралы баяндалып, өлеңі оқылды.

85 жыл (7)

Ақынның мерейтойына арналған көрме музейдің жеке қорынан жабдықталған. Көрмеде фотосуреттері, еңбектері, өмірде тұтынған заттары қойылған. Олардың арасында жазба машинасы, транзистор, көзәйнегі, қаламы, қойын дәптері, музей қорына өзінің қолтаңбасымен тапсырған жыр жинақтары бар. Тіпті көзі тірісінде киген костюмі де қойылған. Айта кетейік, көрме екі апта бойы жұмыс істейді.

Динара Насыр,

суретке түсірген: Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

 

85 жыл (1) 85 жыл (5) 85 жыл (8) 85 жыл (9) 85 жыл (10)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале