7.10.2021, 12:40
Оқылды: 132

"Ақжайық - адалдық алаңы" өкілдері Ұлттық ұлан жауынгерлерімен кездесті

 Орал шаһарында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің  клубында құқықтық тәртіп әскерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын және "Әскерде қылмысқа орын жоқ" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері Серік Мұқашев әскери қызметшілермен "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери қызметшілердің жауапкершілігі" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

3F1D138D-4AD5-4141-9AB9-B8A024339BC7

Кездесу әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында өткізілді.

«Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Серік Мұқашев өз сөзінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі себептері туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнамалық новеллаларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі өз сөзінде әскери қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқыққа қарсы жасаған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға өкілеттік лауазымын пайдалана отырып заңға сәйкес немесе заңға қарсы олардан пайда көру мақсатында (ақша, бағалы заттар, өзге мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде жеке өзі немесе делдал арқылы) алу екенін айтып өтті.

F0CFB1C4-F4D5-4CBF-A79F-73C9EE6A0AFD

-Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің санасына адалдық, сатылмаушылық сияқты моральдық-этикалық қағидаттарды енгізуге ерекше орын беріледі, оларсыз заңды сақтау мүмкін емес. Біз бүкіл қоғамда, бірінші кезекте елдің имиджін қалыптастыратын мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға сенім артамыз, - деп атап өтті Серік Мұқашев.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

     Кездесу соңында 5517 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сағындық  Алқайдаров, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері Серік Мұқашевке, жеке құрамның атынан алғыс  айтып,  ризашылығын білдірді.

 Подполковник Ерболат Сұлтанов,

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале