26.10.2021, 12:01
Оқылды: 45

Ақжайық ауданына 8 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылды

Еліміздің барлық өңірлеріндегідей, Ақжайық ауданында шағын және орта кәсіпкерліктік өрістеуі – басым бағыттардың бірі. Соңғы 10 жылда осы салада тіркелген кәсіпкерлік нысандардың саны 65,7 пайызға артқан.

WhatsApp Image 2021-10-26 at 11.47.53

– 2020 жылдың соңында тіркелген нысандар – 1921. Тек былтырдың өзінде олар 6 млрд. 782 млн. теңгенің өнімін өндірді. Салыстырар болсақ, осыдан 10 жыл бұрынғы көрсеткіштерден бұл 3 есе артық. Әрине, жұмыспен қамтудың басты алғышарты – экономикамыздың локомотиві болып табылатын кәсіпкерлік нысандарында жұмыс орындарының көбеюі. Осы бағытта саладағы қызметкерлерді ресми тіркету бойынша жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, – деді бүгінгі баспасөзде баяндама жасаған Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов.

Оның мәлімдеуінше, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2021 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштер бойынша 2543-ке жеткен.

Орналасқан жері шаруашылықты, қызмет көрсету бойынша кәсіпті дамытуға ыңғайлы ауданға тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Айталық, өткен жылы негізгі капиталға 8 млрд. 200 млн. теңге қаражат құйылса, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8 есе көп. Осы қаражаттың 2 млрд. 900 млн. теңгеден астамы жеке инвестициялар екенін айта кеткен жөн.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале