11.11.2021, 16:20
Оқылды: 102

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері тағы бір маусымға қалатын болды

Украиналық маман, «Ақжайықтың» бас бапкері Владимир Мазяр клубпен келісімшартты келесі жылғы маусымның аяғына дейін ұзартты.

211111154957139e

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының мәлім еткеніндей қазіргі кезде В.Мазяр еңбек демалысын Украинада өткізіп жатыр.

Жаңа маусымға дайындық қаңтар айында басталмақ. Биыл ел чемпионатын «Ақжайық» тоғызыншы орынмен қорытындылағаны белгілі.

«Команда қайтадан жасақталады. Алдағы жылы премьер-лигада бұдан да жоғары орынға ие болу үшін бар күшімізді салмақшымыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Шайхы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале