28.03.2024, 21:30
Оқылды: 126

«Ақжайық» қоры: БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

Ауа-райының күрт жылып, табиғаттың тосын мінез көрсетуі нәтижесінде қар тез еріп, жауын-шашын мол түсіп, облысымызда су тасқыны орын алды. Тұрғын үйлер суға кетіп, мал мен жанға қауіп төндірді. Орал қаласы мен Сырым, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланып, бүгінде баспаналарын су басқан тұрғындар эвакуациялық пункттерге орналастырылды. 

IMG-20240328-WA0169

Осы орайда, қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге ерікті түрде қолдау білдіремін деген өңір тұрғындары мен кәсіпкер азаматтар үшін «Ақжайық» қоры арқылы қаражат жинау жүргізілуде.

Айта кетейік, қорға аударылған қаражат нысаналы жұмсалып, кейін толық есебі берілетін болады.

Реквизиттер:

БҚО, Орал қ. Ж.Молдағалиев көшесі 19, 101 кабинет

Байланыс телефоны: 50-64-95,

БСН 030540003364

ЖСК KZ 1960101811000219258 (теңге)

БСК HSBKKZKX

“Халық банкі” АҚ

КБЕ -18

#КүшімізБірлікте

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале