29.04.2022, 13:01
Оқылды: 268

Алаяқтар прокуратура қызметкерінің кейпіне еніп ақша талап етуде

Алматы прокуратурасы телефон арқылы алаяқтық жасайтындардың көбейіп кеткенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өздерін прокуратура қызметкері ретінде таныстырып, қадағалау органының алдағы тексерулері туралы айтып адамдарды адастырып жатыр.

«Алаяқтар тексеру жақсы жүргізілуі үшін банк шотына ақшалай сыйақы аударуды сұрайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы бір жағдайда, азаматтарға телефон соғып, оларға банк шоттарының бұзылғанын немесе атына несие ресімдеу әрекеті жасалғанын хабарлайды.

«Мұндай әрекеттерді жою үшін олар тиісті алгоритм ұсынады. Алаяқтардың айтуынша, шот иелеріне арнайы қауіпсіздік коды жіберіледі, олар соны бізге айт деп талап етеді. Бұл ретте абоненттердің ұялы телефондарында арнайы құралдардың көмегімен құқық қорғау органдарының нөмірлері анықталуы мүмкін. Осыны пайдаланған қылмыскерлер өз сөздерінің растығын дәлелдеу үшін құқық қорғау органдарының ресми сайттарында ақпаратты (қызметкерлердің аты-жөні, нөмірлері) тексеруді ұсынады. Осыған сенген адамдар алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін», - деп атап өтті Прокуратураның баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале