3.04.2023, 17:14
Оқылды: 62

Алдағы 3 күнге арналған ауа-райы болжамы

«Казгидромет» РМК синоптиктері 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

погода

Жерорта теңізі аудандарынан жылжыған Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің басым бөлігіне әсер етеді.

«Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, 5-6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік–шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр түбегінен жылжыған солтүстік циклон аясында 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды деп болжанып отыр», делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале