"Қазгидромет" синоптиктері 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, ал 7-8 шілдеде солтүстігі мен орталығында күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.
Сондай-ақ, синоптиктер елдің солтүстік-батысында, орталығында 35-39 градусқа дейін аптап ыстық, кей аймақтарда 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп болжап отыр. Республиканың солтүстігінде де күн ысып, термометр бағаны 35-38 градусқа дейін жетеді.
"Қалған аумақтарда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", — деді "Қазгидромет" мамандары.