14.01.2022, 12:20
Оқылды: 124

Алдағы уақытта Үкіметтен жаңа идея мен тың бастамалар күтеміз

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде жастарға қатысты мәселелерді де көтерді. Бүгінде жұмыссыздық, соның ішінде ауыл жастарының жұмыссыздығы қиын мәселе. Президент осы отырыста оқу бітірген жастардың жұмыс табуы қиын екінін, сондықтан еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасу тәртібі реттелуі тиіс екенін нақты айтты.

13

«Жоғары оқу орындарын, колледждерді бітірушілер, әсіресе білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Біз мұны жақсы білеміз. Олар тапқан жұмысын істеп өмір сүреді. Кейбіреулер табыс іздеп, заң бұзуы мүмкін», – деп атап өтті. Мемлекет басшысы Үкіметке «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мен бұл шешімге толықтай келісемін. «Жастар тәжірибесі» бойынша тек алты айға келісімшарт жасалады. Мен жобаны бір жылға ұзарту керек деп санаймын. Мысалы, шілде айында дипломын алған жас маман тамызда ауылға келіп, аталмыш бағдарлама бойынша жұмысқа орналасады. Қыстың қақ ортасында тәжірибе уақыты аяқталып, жұмыстан босайды. Ал бұндай мезгілде жастарға тұрақты жұмыс табу өте қиын. Сонымен қатар меритократия қағидасын кеңінен қолдану керек деп білемін. Бұл тәжірибені шет елдерде көп қолданады. Соған сәйкес әлеуметтік шығу тегіне, қаржылық байлығына қарамастан ең қабілетті қызметкерлер жетекші орындарды иемденуі керек. Алдағы уақытта Үкіметтен жаңа идея мен тың бастамалар күтеміз. Өзім де бар білімім мен жігерімді ел мүддесі үшін бөлісемін.

Ерлік Шамғалиев,

«Jas Otan» Жастар қанаты БҚОФ төраға орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале