12.04.2024, 17:56
Оқылды: 49

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Бельгияны жеңді

"Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы IIA дивизионының А тобында төртінші жеңісіне қол жеткізді", - деп хабарлайды Prosports.kz.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 13.09.00

Фото: prosports.kz

Кезекті кездесуде Александра Тебенкованың шәкірттері Бельгияны 9:2 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасы сапында Лариса Свиридова, Дильназ Саяхатқызы, Екатерина Куценко, Малика Алдабергенова (дубль), Анна Пяткова, Карина Фельзинк, Перенеш Әшімова) және Александра Шегай ерекшеленді.

Қазақстандық команда келесі кездесуін 13 сәуірде Испанияға қарсы өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале