Шорт-тректен Роттердамда қаласында өткен әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта тарихи күміс жүлде иеленген Денис Никишаны Астана қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
«Ересектер арасында шорт-тректен күміс медаль алғанымды әлі де толыққанды сезінбедім. Иә, чемпион атанбадым деген өкініш бар. Алайда бұл жүлденің өзі қазақ спортында алар орны үлкен.
Миландағы қысқы Олимпиадаға 2 жыл ғана уақыт қалды. Бұл жүлде психологиялық тұрғыдан сенімділікті арттырып, басты мақсатым — Олимпиада тұғырында жоғарыдан көрінуге көмектеседі деп сенемін», — деді Денис Никиша.
Сондай-ақ, Денистен бөлек, ұлттық құрама сапында шорт-тректен жасөспірімдер әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде алғашқы күміс медаль алған Алина Ажғалиева да бар.