1.11.2026, 21:45
Оқылды: 21

Әлем чемпионатының жүлдегері Зейнеп Баянова Оралға оралды

Әлемдік аренада ел намысын қорғап, көк байрағымызды биіктен желбіреткен жерлесіміз Зейнеп Баянова туған жеріне оралды, деп хабарлайды БҚО спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

IMG-20261101-WA0043

Астанада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген саңлақ палуан қызды Оралда жанкүйерлері, туған-туыстары, алғашқы бапкері Роллан Хамзин, Олимпиада ойындарының жүлдегері Екатерина Ларионова, спорт саласының мамандары мен спорт мектептерінің басшылары зор қошеметпен қарсы алды.

​Зейнептің алғашқы бапкері Роллан Хамзин шәкіртінің бала күнінен қайсар мінезімен ерекшеленгенін атап өтті. «Зейнептің бүгінгі жетістігі – көп жылғы еңбектің жемісі. Әлем чемпионатының тұғырынан көріну – үлкен жетістік», – деді ол. Ал жеке бапкері Мұсабек Нарегеев бұл жеңіс алдағы жарыстарға үлкен серпін беретінін жеткізді.

IMG-20261101-WA0042

​Өз кезегінде Зейнеп Баянова өзін күтіп алып, құрмет көрсеткен барша жанға алғысын білдіріп, алдағы уақытта Олимпиада ойындарында да елді қуанту үшін бар күшін салатынын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале