2.08.2021, 23:32
Оқылды: 415

Әлем чемпионы атанды

Болгария  астанасы  София  қаласында  30  шілде – 1  тамыз  аралығында  ММА  бойынша  жастар  арасындағы  әлем  чемпионаты  өтті.  Байрақты  додада  23  елден  300-ден  астам  спортшы  бақ  сынады.  Қазақстанның  намысын  29  спортшы  қорғады.  14-15  жас  санатында  5  спортшы,  16-17  жас  санатында  24  спортшы  жекпе-жекке  шықты.

спорт

Жарыстың екінші күні 14-15 жас санатындағы жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Аяжан Ергентай, Аяулым Әубәкір (Түркістан облысы), Елизавета Симаненко (Ақмола облысы) чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды. Әлем чемпионатының соңғы күніндегі 16-17 жас санатындағы тартысқа толы тайталастарда 47,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Гүлназ Әбдірахманова күміс жүлдеге қол жеткізсе, Эльнара Бисенова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. 52,2 келіге дейінгі салмақтағы спортшылардың да қанжығасы майланды. Жанна Каскинова (Ақтөбе облысы) күміс, Аружан Жақан (Алматы облысы) қола медальға ие болды. Ал Раяна Акдавлетова 70,3 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, Батыс Қазақстан облысының мерейін асқақтатты.

спорт 1

83,9, 93, 120,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Игорь Ахматовқа (Қарағанды ​​облысы), Никита Ляминге (Қарағанды ​​облысы) және Ілияс Сайфулинге (Ақмола облысы) қола жүлде бұйырды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын,  3  күміс  және  8  қола  медаль  еншіледі.

Марлен  Мәлікұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале