3.08.2020, 9:50
Оқылды: 93

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионға жуықтады

Джонс Хопкинс институтының мәліметі бойынша әлем бойынша Covid-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 18 миллионға жуықтады, 685 мыңнан астам адам өлімі тіркелген. Індет бірнеше елде белсенді түрде таралып жатыр. Олардың қатарында Австралия, АҚШ, Оңтүстік Африка мен Үндістан бар, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

F8BE6824-598E-4157-A6EC-FC22DA00F3C8

Австралияның Виктория штатында инфекцияға шалдыққандар статистикасы күрт артып, аясында апат режимі жарияланды. Мұнда соңғы тәулікте 671 адамның ауру жұқтырғаны расталды. Штаттың астанасы Мельбурнде 4-ші деңгейдегі сақтық шаралары енгізілді. Аталған шектеу шарасына сәйкес, тұрғындарға тұратын жерінен 5 шақырым радиуста азық-түлік алу немесе спортпен шұғылдану үшін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. Бұл шектеулер кем дегенде 6 аптаға созылады. Ресейде жексенбі күні вирус жұқтырудың 5 427 жаңа жағдайы тіркелді. Індет тарағалы 850 мыңнан астам адам ауруға шалдыққан. Ресей ауру жұқтырғандар саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.

Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде Covid-19 вирусынан 200 мыңнан астам адам көз жұмған. Олардың басым көпшілігі, шамамен 75%-ы Бразилия мен Мексикадан. Оңтүстік Африкада 500 мыңнан астам адам індетке шалдыққан.

Үндістанда үшінші күн қатарынан ауру жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты. АҚШ-та Дональд Трамп ресми түрде президенттікке үміткер деп жариялануы тиіс республикалықтардың сайлауалды съезі коронавирусқа байланысты тарихта алғаш рет журналистер үшін жабық режимде өтетінін мәлім етті. Ол 24 тамызда Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласында 336 делегаттың қатысуымен өтеді.

Иранда өткен тәулікте ауру жұқтырған 2 685 науқас анықталды. Бұл – бір ай ішіндегі ең жоғары өсім көрсеткіші.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале