19.12.2023, 20:00
Оқылды: 66

Әлемде жылына 2 млрд-қа жуық бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Балаларға зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бүкіл қоғамды алаңдатады. Әлем бойынша жылына 2 млрд-қа жуық кәмелетке толмаған бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл туралы Алматыда «Кәмелетке толмаған қылмыс құрбандарының құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда заңгер Орынбасар Тілепбергенов айтты.

IMG-20231219-WA0039

Конференция балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, зорлау, сексуалдық сипаттағы қорлық әрекеттері, буллинг, кибербуллинг және бала құқықтарын бұзудың басқа да нысандары сынды қоғам алаңдатушылығын тудыратын өткір мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Шарада кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық қорғау тетіктерін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.IMG-20231219-WA0040

«ЮНЕСКО-ның және халықаралық ұйымдардың мәліметінше, бүгінгі таңда әлем бойынша 2 миллиардтан астам бала әр-түрлі жағдайда ( жеңіл, ауыр ұрыс, отбасылық, әке-ана тыйымы да жатады) зорлық-зомбылық көреді екен. Қазақстан да бұл жағдайда әлемдік қауымдастықтардың мүшесі ретінде кәмелет жасына толмаған балаларды қорғау мен олардың құқын қорғау бағытында қолдан келер шараларды жүзеге асырып келеді. Бала болашағымыз, келешегіміз.Сондықтан да олардың қауіпсіздігін қадағалау басты мәселе болуы тиіс»,- дейді заңгер Орынбасар Тілепбергенов.

IMG-20231219-WA0038

Айтуынша, әрбір сәби үшін ең қауіпсіз орын – оның үйі, отбасы. Сондықтан ең алдымен бала құқығын ата-анасы қорғауы керек.

ДереккөзKazinform

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале