26.05.2023, 16:30
Оқылды: 3306

Әлемдегі ең бай 10 боксшы кім?

Surprise Sports басылымы әлемнің 2023 жылдағы ең бай он боксшысы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

0f08170f-d557-4a9b-b5f5-607f487583db

Фото: Prosports.kz

Рейтингте бірінші орынды кіші Флойд Мейвезер алды. Оның байлығы 450 миллион доллар деп бағаланып отыр.

Тізімде сегізінші орында Семей тумасы, украиналық боксшы Владимир Кличко тұр.

БАҚ бағалауынша, WBO, IBF, IBO, WBA және The Ring тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионының жеке капиталының құны - 90 миллион доллар.

Surprise Sports нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай 10 боксшы:

1. Кіші Флойд Мэйвезер (АҚШ) — 450 млн. доллар
2. Джордж Форман (АҚШ) — 300 млн. доллар
3. Мэнни Пакьяо (Филиппин) — 220 млн. доллар
4. Оскар Де Ла Хойя (АҚШ) — 200 млн. доллар
5. Сауль «Канело» Альварес (Мексика) — 180 млн. доллар
6. Леннокс Льюис (Ұлыбритания) — 150 млн. доллар
7. Шугар Рэй Леонард (АҚШ) — 120 млн. доллар
8. Владимир Кличко (Украина) — 90 млн. доллар
9. Виталий Кличко (Украина) — 80 млн. доллар
10. Энтони Джошуа (Ұлыбритания) — 60 млн. доллар

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале