3.01.2024, 19:00
Оқылды: 339

Әлемдегі ең қымбат металл — осмий Қазақстанда ғана өндіріледі, бірақ ол жайлы бүкіл мәлімет құпия

Әлемдегі ең қымбат металл саналатын Осмий-187 изотопы тек қана Қазақстанда өндіріледі. Бірақ, оның өндірісіне қатысты мәліметтер — мемлекеттік құпия, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20240103-WA0048Фото: Wikipedia

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тәуелсіздік жылдары ішінде осмийдің қанша көлемі өндірілгенін, экспортқа қандай бағамен және қай елдерге шығарылатын сұрап, сауал жолдаған едік.

«Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10 тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады», — деп жауап берді ведомстводан.

Осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі.

Осы 7 изотоптың ішінде Осмий-187 тек елімізде ғана өндіріледі.

Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан басталып, 200 мың долларға дейін жетеді.

Табиғатта Осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Бұл элементті 9 ай бойы өндіреді.

Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптарды жасауға қолданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале