27.07.2022, 16:00
Оқылды: 80

Әлемдік рейтингке енген мықты университеттер жоспарлы тексеруден босатылады

Еліміздің мықты университеттері жоспарлы тексерулерден босатылады. Бұл жайында Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

«Жоғары оқу орындарының өз үлгісінде диплом беруі мамандарды даярлау сапасына жауапкершілігін арттыру үшін жасалған үлкен қадам болды. Жалған дипломнан қорғау үшін қол қою талаптары енгізілді. Бұдан былай әрбір жұмыс беруші QR технологиясын қолдана отырып, дипломның түпнұсқасы мен шынайылығын тексере алады», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Министрдің атап өтуінше, ЖОО-лардың білім бағдарламасының тізіміне 15 мыңнан астам бағдарлама енгізілді, оның 7 мыңы - жаңа.

«Мықты университеттерді тексеруден босату туралы бұйрық дайындалды. Жұмыс берушілер рейтингінде 1-3 орындарды иеленген университеттер және жоғары әлемдік рейтингке енген университеттер жоспарлы тексерулерден босатылады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале