Әлемнің 43 елі QazVac вакцинасын алуға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандық ғалымдардың күмәнсіз табысы Биологиялық қауіпсіздік мәселелерді жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі болды. Біз бүгінде одан ары ілгерілеп келеміз. Қазіргі уақытта BSL-3, BSL-4 құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің рөлі де зор», - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Вице-премьер мұнан ары да бірлескен жұмыстың жалғасатынын баса айтты.
«Елдің атын шығарған үлкен жоба болғанын бәріңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. 6 мемлекеттің ішінен бесінші болып Қазақстан өзінің вакцинасын шығарған елге айналды. Сондықтан бұл үлкен жетістік. Ғалымдардың бәріне рақметімізді айтамыз. Ары қарай да жұмыс көп. Бірге жалғастыруымыз керек. Олардың алдына қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын екендігін білдіріп отыр», - деді Ералы Тоғжанов.
10:3013.05.2022
Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі талқыланады - Ералы Тоғжанов
11:5030.03.2022
Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады
16:102.02.2022
Ерлан Саиров ең төменгі жалақыны жыл сайын индексациялауды ұсынды
15:4027.01.2022
Президент тапсырмасы: Өңірлерде мектептер салуға 20 млрд теңге бөлінеді
30.03.2022, 11:50
2.02.2022, 16:10
27.01.2022, 15:40