21.10.2021, 9:51
Оқылды: 56

"Әлеуметтік әмиян" 2022 жылдың соңына дейін іске қосылады

ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов "әлеуметтік әмиянды" енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021102110052734908_img_20190206_120219

Министр атап өткендей, 2021 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды - банктерді қосу және "әлеуметтік әмиянды" іске қосу арқылы жедел төлемдер жүйесін дайындау жоспарлануда.

Жобаны тестілеуді бастау үшін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік әмиянға кезең-кезеңімен аудару алгоритмін әзірлеу қажет.

Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, цифрлық әмиянды іске асырудың келесі кезеңдеріне арналған жоспарлар туралы хабарлады.

Осылайша, 2022 жылдың соңына дейін "әлеуметтік әмиянды" өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және жаңа сервистерді енгізу жоспарланған (жеке кабинеттің функцияларын кеңейту, түрлі интернет-дүкендерге қосылу және т.б.).

Ал 2023-2024 жылдар аралығында Министрлік цифрлық әмиянды Ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіруді, сондай-ақ "Әлеуметтік әмиянға" аударылатын әлеуметтік төлемдердің түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале