15.03.2022, 11:00
Оқылды: 48

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушыларға сауда алаңын жалдау ақысы төмендетіледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушыларға сауда алаңын жалдау ақысы төмендетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200417184112719e

«Жоспардың екінші бөлігі бойынша халықтың азық-түлік тауарларын тұтыну шығыстарының үлесін төмендету және бағаларды тұрақтандыру бойынша 5 жедел және 1 орта мерзімді іс-шараларды іске асыруға бағытталған», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол салада жаңадан 25 мың шаруашылық құру жоспарда бар екенін мәлім етті.

«Бұл азық-түлік тауарларының бағаларын болжау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатушылары үшін сауда нарықтарының жалдау ақысын төмендету, бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдауға көшу бойынша шаралар әзірлеу, тұрақтандыру қорлары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу, ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайтудың жаңа нысандары арқылы кемінде 25 мың шаруашылық құру жолымен ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымы, сондай-ақ жаңа суармалы жерлерді игеру сияқты іс-шараларды қамтиды», - деді министр.

Ал үшінші бөлім тұтынушыларды қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету бойынша 4 жедел және 3 орта мерзімді іс-шараларды іске асыруды көздейді.

«Зерттеліп отырған импорттық өнімнің үлесін 80%-ға дейін арттыру үшін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету, 2024 жылы отандық ветеринариялық және биопрепараттардың үлесін 80%-ға дейін ұлғайту үшін қолда бар ветеринариялық және биопрепараттар өндіретін отандық кәсіпорындарды жаңғырту және жаңаларын құру шаралары бар», - деді Ербол Қарашөкеев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале