31.08.2023, 12:00
Оқылды: 33

Әлихан Смайлов: «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заң өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуына жол ашты

Соңғы жылдары саланың орташа өсуі 4,5% болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін барлық түсімдердің 20%-тін құраған.

ukimet

- Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетігі енгізілді.Қайта өңдеушілерді бастапқы алюминиймен және мыс шикізатымен қамтамасыз ету бойынша 25 келісімге қол қойылды.
Бұл алюминийді қайта өңдеу көлемін 38%-ке және мысты – 49%-ке ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2020 жылы құрылған Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шамамен 221 млрд теңге сомасына өңдеу өнеркәсібі жобалары қаржыландырылды.

Өнеркәсіптік кооперацияға жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап отандық өндірушілермен жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға 110 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды.

2019-2022 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 4,6 трлн-нан астам қаражатқа 586 жоба пайдалануға беріліп, 51 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде, осы кезеңде өнеркәсіпте өңдеу үлесі 40%-тен 45,2%-ке дейін өсті, - деді Әлихан Смайлов.

ukimet

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале