2.09.2022, 12:57
Оқылды: 190

Алматы облысында зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы белгілі болды

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Іле ауданындағы зауыттардың біріндегі жарылыс кезінде зардап шеккен бес адамның жағдайы туралы айтты.

photo_103691

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен бес адам Іле аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Газ-ауа қоспасы жарылысынан зардап шеккен 5 адам келіп түсті. 4 адам медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Бір науқас травматологиялық бөлімге жатқызылды. Беттің, екі қолдың, кеуде қуысының II-ІІІА дәрежелі термиялық күйік диагнозы қойылды. Жағдайы орташа", - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

 Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданындағы жылу оқшаулағыш плиталар шығаратын зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шыққан болатын. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.
tengrinews.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале