8.10.2023, 13:45
Оқылды: 114

Алматыда БҚО Камералық оркестрінің концерті өтті

Алматыда БҚО әкімдігінің қолдауымен Республика күні қарсаңында және Елорданың 25-жылдық мерейтойы аясында Батыс Қазақстан облыстық Камералық Оркестрі «Алатауға Ақ Жайықтан сәлем» атты гастрольдік концерті өтті. 

IMG_20231008_134140_188

Бұл туралы театр директоры Салтанат Абулғазиева өзінің facebook парақшасында жазды.

- Алтыннан да бағалы уақытың арнап, біздің ұжымның Ақ Жайықтан арқалап келген ыстық сәлемін қабыл ала келген көрермендерге, өнердегі аға-апаларыма, замандас-достарыма, тілекші жандарыма басымды иіп алғыс айтамын.

IMG_20231008_134140_267

Жалпы бұл БҚО камералық оркестрінің үлкен сахнаға беттеп, гастрольдік сапармен мегаполистерге осындай есептік концертпен алғаш мәрте аяқ басуы. Бұған дейін Экспо аясында, Әуен Fest фестивалі аясында Алматы-Астана қалаларында өнер көрсеткен болатын.

Бүгін ұжым үшін де, мен үшін де ерекше күн. Оркестр 10 жылдан астам уақыт бойы өн бойына жиғанын көрсетіп, өнер өлкесіне, мәдениеттің қайнаған ортасына өзін таныстыруда. Бұл гастроль осыдан екі жыл бұрын 10-жылдық мерейтойымыздың аясында болуы керек еді. Бірақ мерейтой пандемия кезінде болып гастрольдік сапарға шыға алмаған едік. Ал бүгін мен осынау Алатаудың баурайындағы асқақ қалаға балаң арман арқалап келген шәкірт ретінде көрермендер залында отырған ұстаздарыма, жанашыр аға-әпкелерім мен тілеулес замандастарыма өзімді, өзім басқаратын ұжымды ғана емес, туып-өскен өлкемді таныстырып, Ақ Жайықтың аманатын арқалап келген едім.

Менің арманыма қанат байлаған рухы асқақ Алматы камералық оркестрдің де қадамына құт байлайды деген үмітім мол.

IMG_20231008_134140_928

Талай мықты ел-жұртты таң қалдырып, өнердің неше атасын, таланттының сан мыңын елге танытқан қасиетті сахна

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залында өнер көрсету біз үшін зор мәртебе! Бізге қолдау білдірген оркестр директоры Медет Куанышев мырзаға алғысымыз шексіз! - делінген жазбада.

IMG_20231008_134140_790

Айта кетейік, оркестр кезекті концертін 10-қазан елорда төрінде қояды.

Көрермен кешті сағат 19.00-де «Музыкалық жас көрермен» театрынан тамашалай алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале