23.01.2022, 16:30
Оқылды: 143

Алматыда карантин шаралары күшейтілді

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаладағы карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

f43b36bdd63142b7b169e185df07d30c

Спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге кіру – тек "жасыл" мәртебесі барларға, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға рұқсат етіледі.

Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, СОVID-19-ға қарсы қызметкерлерге вакцина және ревакциналау жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне көшіріледі.

2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап білім берудің келесі форматтары белгіленді:

- мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда);

- жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):

Құжатта атап көрсетілгендей, оқыту меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан штаттық форматта өтетін болады:

  • жалпы білім беретін мектептерде-бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптарды қоса алғанда);
  • 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда);
  • 600-ден астам оқушылар оқитын жалпы білім беретін мектептерде - мектептің жобалық қуатының 50%-ынан аспайтын жүктеме бойынша;
  • мектептен тыс ұйымдарда;
  • жоғары оқу орындарында, арнайы орта білім беру ұйымдарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн;
  • мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша.

Білім беру ұйымдары әкімшілігінің қалауы бойынша вакциналаудың толық курсынан өткен оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале