18.09.2024, 12:45
Оқылды: 59

Алматыда «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылды

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп «Суасты мәдени мұрасы» фотокөрмесін ашты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

32ABDA2C-8EDF-4E4E-9E85-63067B4680EF

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгінде тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен зерттеуде музейлер басты рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Орталық музейі еліміздің жетекші мекемесі ретінде Қазақстанның ғана емес, дүниежүзілік тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауға, зерттеуге және насихаттауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда.

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич мырза: «Бүгін біз халықтың, музейге келушілердің, әсіресе жастардың назарын жалпы мәдени мұраны қорғау мәселелеріне аударғымыз келеді. Мәдени мұраны бірлесіп зерделеу және қорғау – бұл біздің адамдар санасында бейбітшілік орнату жолындағы қадамымыз!» - деді көрменің ашылуында.

Орталық музей қала қонақтары мен тұрғындарын суасты мәдени құндылықтарын көрсететін бірегей көрмені тамашалауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале