4.03.2024, 13:00
Оқылды: 28

Алматыда тағы да жер сілкінді

Бүгін 11:22-де ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматыда (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісін тіркелді.

тау

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2.
MPV магнитудасы – 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.
Алматы қаласының ТЖД сағат 11:22-де сирена-дыбыстық сигнал дереу іске қосып, радиоарна мен телеарналарда хабарлады.

Жедел ақпарат бойынша:

Алматы облысында - 5 балл, Жетісу (Талдықорған) - 2 балл.
Алматы қаласы Алматы және Жетісу облыстарында жедел желі жұмыс істеп тұр.

ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы - 8 717 2 70 41 14

Алматы қ. - 8 727 2 78 20 83, 2 78 20 84

Жетісу облысы -  8 728 2 22 02 18

Алматы облысы - 8 727 72 26 097.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале