31.05.2022, 14:59
Оқылды: 82

Алматыдағы жаңа метро бекетінде күтпеген жағдай болды

Алматыдағы жаңа метро бекетінде күтпеген жағдай болды. Метродағы "Сарыарқа" жазуының Р әрпі түсіп қалған. Желіде суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото Tengrinews.kz/Әлихан СариевФото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыдағы жаңа метро бекетінде күтпеген жағдай болды. Метродағы "Сарыарқа" жазуының Р әрпі түсіп қалған. Желіде суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы метросының баспасөз қызметі өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Иә, "Сарыарқа" станциясының атауынан бір әріп түсіп қалды. Ол жұмыс күні аяқталған соң және түйіспелі рельстегі қуат ажыратылғаннан кейін қалпына келтірілді. Өйткені жұмыс кезінде түйіспелі рельсте 825 вольт кернеу болады, жолға түсуге тыйым салынады. Айта кетейік, метро пайдаланылған кезде анықталған кемшіліктер кепілдік міндеттеме есебінен ретке келтіріледі", - деді "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі өкілі.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале