19.07.2023, 18:00
Оқылды: 138

Алматыдан 894 шақырым қашықтықта жер сілкінді

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 шілде күні сағат 13:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

тау

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12.0. MPV магнитудасы – 5.7. Эпицентр координаттары – 36.88° с.е. 70.42° ш.б. Тереңдігі – 120 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале