18.01.2022, 10:00
Оқылды: 96

Алматылық дәрігерлер тамағына сүйек тұрып қалған әйелді аман алып қалды

Алматылық дәрігерлер тамағына сүйек тұрып қалған 54 жастағы әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

D1774DD4-AA68-4333-BFBB-A0A2B66D80BD

Орталық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жөтелге шағымданған 54 жастағы әйел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Жасұлан Елемес науқасқа эндоскопиялық тексеріс - бронхоскопия жүргізді, нәтижесінде тамағынан бөтен дене анықтады. Дәрігер кеңірдегіне тұрып қалған 2 см болатын сүйекті алып тастады. «Уақытында жүргізілмеген бронхоскопия қабынған ісік түйіні болып, іріңді қабынуға айналып кететін еді. Процедура сәтті өтті, сүйек тамағына зақым келтірмей алынды», - деді дәрігер Жасұлан Елемес.

Өз кезегінде пациент дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Жөтел менде тамақ ішіп отырғанда пайда болды. Мен қақалып қалдым. Содан тоқтаусыз жөтелетін болдым. Емханаға барып, дәрігерге қаралдым. Жазып берген дәрілерін іштім, бірақ, ол көмектеспеді. Сол себепті ауруханаға баруды шештім. Қабылдау бөліміне барғанда, дәрігерге менің жөтелім ұнамады. Олар мұқият тексерді. Нәтижесінде тамағымда сүйек тұрғанын анықтады. Дәрігерлерге кәсіпкерлігі үшін, дер кезінде диагноз қойғаны үшін алғысым шексіз! Сіздерге үлкен рахмет», - деді пациент.

Дәрігерлер қақалып немесе шашалып қалғаннан жөтел пайда болса, мамандарға жүгінуге кеңес берді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале