1.04.2021, 22:50
Оқылды: 356

Алпыс жылдың асқарында

Қаламыздың қақ ортасындағы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ашылғанына биыл – 60 жыл. Қоғамда өзіндік ерекше орны бар кітапхананың даму, өркендеу тарихы сонау 1961 жылдардан бастау алады. 1961 жылы Орал қаласында пионерлер үйінің жанынан алғаш рет облыстық балалар кітапханасы ашылды. Сол жылы жаңа құрылған кітапхананың ұжымы кітапханаға балалар жазушысы Аркадий Гайдардың есімін беру жөнінде өтініш білдірген. 1961 жылдың 31 тамызында осы нысан «А.Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасы» деп аталды. 1967 жылдың қараша айында Орал қаласында жасөспірімдерге арнайы кітап оқитын орын ұйымдастырылып, 1968 жылы қалалық жасөспірімдер кітапханасы болып ашылды. Бұл Қазақстанның алғашқы жасөспірімдер кітапханасы еді. Кітапхана еңбек жолының алғашқы кезеңінен бастап «Жұмысы үздік кітапхана» деген атаққа ие болды. Кітапхана орналасқан ғимарат 1860 жылы салынған XIX ғасырдағы архитектуралық ескерткішке жатады.

кіі

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі №26 санынан журналист Гүлжамал Жолдығалидың «Алпыс жылдың асқарында» атты мақаласынан оқи аласыз, оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале