Елордалық өртсөндірушілер "Кристалл" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндірді.
"Кристалл" ТҮК тұрағында шамамен 100 шаршы метр алаңда алты көлік және қойма үй-жайлары өртенді. Өрт кезіндегі қызудың әсерінен тағы 4 көлік зақымданған. Өрт сағат 14.33-те оқшауланды, елордалық өртсөндірушілердің күшімен барлығы 17 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала", - делінген хабарламада.
Өрт орнынан №1 КҚА-ға "103" бригадасы 1969 жылы туған әйелді жеткізген және ол "орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылғаны айтылды.
"Сағат 15.02-де елордалық ТЖД бөлімшелері өртті жойды. Арнайы көлік көмегімен желдетілмеген тұрақтан түтін шығару жүргізілді, тұрғындарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялау өрт сатысының көмегімен жүргізілді. Өртсөндірушілер өртпен қатты ыстық, жоғары температура жағдайында күресті. Өрттің себебі анықталады", - делінген хабарламада.
tengrinews.kz
16:1527.09.2023
Елімізде жылу 1 қазаннан бастап беріледі
12:1527.09.2023
Үйлену тойы кезінде өрт шыққан: 100-ден аса адам қаза тапты
13:0015.09.2023
Үкімет 2050 жылға дейін Астананы әлемдегі үздік 50 қаланың қатарына қоспақ
12:4511.09.2023
«Қоқысты жинап шықты». Президент астаналық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты
27.09.2023, 16:15
27.09.2023, 12:15