28.04.2021, 0:04
Оқылды: 151

«Алтын доп» сарапқа салынуда

Сәуірдің 27-сінде Оралда баскетболдан қыздар арасында «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыстың ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов спорттық үлкен шараның маңызына тоқталып, қатысушыларды құттықтады.
6F760833-25BA-4B59-99D4-B339CAE82BEB

– Қымбатты жас спортшылар! Бүгін Ақ Жайық атырабында басталғалы тұрған баскетболдан «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасы жарысына баршаңыз қош келдіңіздер! Осы сапта тұрған командалар өз қатарластарынан озық шыққан мектептердің шәкірттерінен құралған. Сіздер тек мектептеріңіздің ғана емес, өз облыс, қала, аудан-ауылдарыңыздың үкілі үміттерін арқалап келіп отырсыздар. Республикалық деңгейдегі мұндай ірі турнирді қабылдау  –  біздің өңіріміз үшін де үлкен мәртебе. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бәсекеге қабілетті ұлт болуымыз үшін білімділік, сананың ашықтығымен қатар, денсаулығымыз мықты болуы керектігін қадап айтты. Кезіндегі батыр бабаларымыз бен батыр аналарымыздың жалғасы іспеттес сіздер де Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретеді деген сенімдеміз. Барлығыңызға сәттілік тілейміз, сайыста мықтылар жеңіске жетсін! - деді Бақытжан Хаберұлы.

Айту кету керек, еліміздің әр түкпірінен келген 9 команда (9-11-сынып оқушылары) мамырдың 2-сіне дейін нағыз мықтыларды анықтамақ. Ұлттық мектеп лигасы жарыстары 2014 жылдан бері тұрақты өткізілуде. Жарысты ұйымдастырушылар қатарында ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Республикалық ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, БҚО дене шынықтыру және спорт, білім басқармасы бар.

Т. Ғабдірешұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале