Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

«AMANAT» партиясы әрдайым елмен бірге – Азамат Сафималиев

«AMANAT» партиясы әрдайым елмен бірге. Партияның БҚОФ атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты өз ойымен бөлісті.

D8B52D32-5402-46B9-8277-277E0A67569A
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
өз Жолдауында Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына қажетті шараларды тізбектеп, тиімді бағыттарды айқындап, халықтың басым көпшілігінің еңсесін басқан несиелер жайына тоқталып, «AMANAT» партиясының осы мәселе бойынша атқарған ісіне жоғары баға бергені біздер, аманаттықтар үшін, үлкен мәртебе.

Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі елдің экономикасына тәуелді екені баршамызға белгілі.

Қазіргі қоғамда несие мәселесі ең өзекті мәселелердің біріне айналғаны рас. Халықты толғандырған мәселені шешуі үшін «АMANAT» партиясы мен «Halyk bank» бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.

Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренеді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және  мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады.

«Қарызсыз қоғам» жобасының алғашқы кезеңінде еліміздің 8 өңірі қамтылады. Олар: Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстары. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық аудандарда жыл соңына дейін 10000 адамды оқытып шығу жоспарлануда.

Расымен, «Қарызсыз қоғам» жобасы мыңдаған адамның  қаржылық жағдайын реттеуге мүмкіндік берді. Жоба аясында өңірімізде мамыр айынан бастап оқыту басталды, жыл соңына дейін жалғасады, жоспарланған 8857 адамның 3327-сі оқуды аяқтап, сертификаттарын алды.

Президент Жолдауынан:

«Нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды.

Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды.

Бұл ретте «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет.» деді ол.

Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деген тапсырамасын жүзеге асыруға «AMANAT» партиясының әр мүшесі үлес қосатынына сенімім мол.

Сонымен қатар, партия тарапынан  жүзеге асырылып келе жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екенін, оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажеттілігін және осыған қажетті жағдай жасалуға тиістігіне тоқталды.

Бірқатар тапсырмалар берілді, бастысы елдің әлеуетін артырып, бәсекег сай өмір сүруге жағдай жасаға мемлекет мүдделі екендігін жеткізді. Ең бастысы, әр қазақ өз елі үшін жаны ашып, адал қызмет атқару керектігіне тоқталды.

Қорыта айтарым, алдағы уақытта Президентіміздің елді дамытуда, халық игілігі үшін құрған жоспарларын орындауға әрқайсысымыз үлес қосуымыз қажет. Елге адал қызмет ету жолындағы еңбегіміз абыройлы болсын!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале