30.06.2022, 14:45
Оқылды: 273

Аманжолға үш бөлмелі пәтер беріледі

22 маусым күні облыс әкімі Ғали Есқалиев ток соғып, екі қолынан айырылған жаңақалалық балақаймен кездескен болатын. Тағдырдың сынына тап болған Аманжолға облыс әкімі жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізген еді.
289264793_3338337296403334_1126921269680549857_n
Бірінші мәселе - Аманжолға протез дайындау. Облыс әкімі баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, бұл сұрақты облыс әкімі жеке бақылауында ұстап отыр. Медициналық ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, заманауи протез жасау бойынша келісімге келді. Сол кезде баланың жағдайымен танысқан ұйым басшылары протезді ақысыз негізде дайындауға ниет білдірді. Бірақ протезді шамамен 5-6 айдан кейін салуға болады екен. Ал әзірше бүлдіршін дәрігерлердің жіті бақылауында болады.
Екінші мәселе - Аманжолдың отбасына қолдау көрсету. Ол облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында үнемі болуы керек. Оған күтім жасайтын анасы да үнемі қасынан табылуы тиіс. Отбасы мүшелерінің бірі қалада, ал бірі ауылда қалып отыр.
Қорға жиналған қаражат көлемі пәтер сатып алуға жеткіліксіз екенін ескере отырып, қалған шығындарды өтеу бойынша облыс әкімі келесідей шешім қабылдады.
Яғни, көпбалалы отбасыға қолайлы жағдай жасау мақсатында Ғали Есқалиев жергілікті құрылыс компаниясының қолдауымен Аманжолдың үй-ішіне жаңадан салынған үйден 3 бөлмелі пәтерді табыстайтын болады.
Жаңа үй Аманжол ем қабылдап жатқан аурухана ауданында орналасқан тұрғын үй жаздың соңында тапсырылады.
Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы балақайға алматылық жас кәсіпкер Айс Муратова қала орталығынан екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты деген қуанышты жаңалық та жылт етті. Қайырымды іс жасауға асыққан жомарт жүректі кәсіпкерлерге мың алғыс.
Сондай-ақ облыс әкімі аппараты, басқа да мекемелердің қызметкерлері Аманжолдың отбасына біркүндік жалақыларын аударады.
Қосымша қажеттілік болған жағдайда, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале