25.12.2023, 17:15
Оқылды: 223

Америкалық спортшы Шавкаттың басты кемшілігін атады

UFC рейтингінде қазақстандық Шавкат Рахмоновтан бір саты жоғары тұрған америкалық спортшы Белал Мұхаммед (23-3) отандасымызға қатысты сұраққа жауап берді. Жауап беріп қана қоймай, Шавкаттың басты кемшілігін де атаған, - деп жазады firstsportz.com.

a09e363b-7e2d-4233-ad48-6d424575f39c

Фото: Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан

- Ол жойқын соққыларымен ерекшеленетін тамаша спортшы. Бірақ мен оның қазір қорғанысы мықты деп айта алмаймын. Ол соққы жасау және аяқпен тебуде мықты. Соңғы жекпе-жегінде стратег екенін де байқатты. Ол "Вандербойға" қарсы жекпе-жекте күресу арқылы жеңудің жолын білді. Ол осы жекпе-жекте IQ деңгейінің жоғары екенін байқатты. Бұл оның түрлі айла-тәсіл арқылы жеңіске жете алатынын көрсетті, - дейді америкалық спортшы.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед жартылай орта салмақтағы спортшылар. Болашақта бір-біріне қарсылас атануы мүмкін.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале