10.06.2021, 23:40
Оқылды: 499

«Ән бекзадасы»

Жақында өңіріміздің әншілік мектебінің ірі өкілдерінің бірі, белгілі әнші, марқұм Аманкелді Ғұбайдуллин туралы осындай атаумен кітап жарық көрді. Естелік кітапты құрастырған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы байқаулардың лауреаты, Ақтау қаласында өткен батыс әндерін орындаушылар байқауының бас жүлдегері – Серік Әбдірахманов.

 ан бекзадасы 001 (1)

Қалың оқырманға арналған жинақта әншінің көзін көрген, әнін тыңдаған журналистер мен ақындардың, өнер иелерінің, қоғам қайраткерлері, өнер жанашырларының мақалалары, очерктері, өлеңдері, естеліктері топтастырылған. Аталмыш кітапты шығаруға «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қоры демеушілік көрсеткен.

 

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале