30.07.2026, 12:00
Оқылды: 10

Ана мен баланың саулығын сақтау - мемлекеттің басты басымдығының бірі

Елімізде жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жазды. 

медицина ЖП Бөрлі

Сурет: Сайт архивінен 

Болашақ аналар жүктілік кезінде дәрігердің тұрақты бақылауында болып, қажетті тексеру мен скринингтерден өтеді. Босану кезінде білікті медицина мамандары көмек көрсетеді. Сәби өмірге келгеннен кейін патронаждық қызмет ұйымдастырылып, профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес екпе салынып, баланың өсуі мен дамуы ұдайы бақылауда болады.

Ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіру - мемлекет назарындағы маңызды міндеттің бірі. Бұл әрбір ананың өзіне де, дүниеге келген әрбір сәбиге де сапалы, қауіпсіз әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

Бұл туралы Алматы №36 қалалық емхана дәрігері Алимбаева Мөлдір Торксбаевна айтып берді.

Дені сау ана - дені сау бала - Қазақстанның жарқын келешегі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале