15.09.2023, 10:15
Оқылды: 139

Анасы 11 айлық қызын тамақтандырып отырып, одан қатерлі ісік белгісін байқаған

Ұлыбританиялық Даниэль Прайор қызын тамақтандырып отырып, оның оң жақ көзінен ақшылдау дақ байқайды. Жарқылмен түсірілген суреттерде ол дақ анық көрініп тұр. Қыздың анасы оны көздің ішкі тор қабығының қабаттасуы немесе катаракта басталып жатыр деп ойлаған.

8A05462D-409A-41C3-9B6E-D2FBDC60F115

Cyрет: pixabay.com

Ол бұл белгіні байқаған бойда қызын ауруханаға апарған. Жалпы тәжірибе дәрігері Эвидің көзін қызыл шағылысқа тексерген. Бұл тексеріс арқылы көздің қауіпті ауруларын анықтауға болады. Содан соң қызды офтальмологқа жібереді. Түрлі анализдерден соң дәрігерлер қыздан өте сирек кездесетін қатерлі ісік түрі – ретинобластоманы болжайды.

Олар Эвиге наркозбен ота жасап, сол кезде көздегі түзілімді тексеруді ұйғарады. Диагноз расталды: 11-айлық қызда D-деңгейлі ретинобластома бар болып шығады. Қатерлі ісік оның көзінің төрттен үш бөлігін «жұтып қойған».  Қатерлі ісіктің бұл түрі бір генде дамитын сирек мутация себебінен пайда болады. Жиі ол бес жасқа дейінгі балаларда кездеседі және тек бір көзінде дамиды.

Ретинобластоманың кең тараған белгісі – ақ жарқыл немесе қарашықтың ортасындағы шағылыс. Сондай-ақ қылилық, көздің нұрлы қабығы түсінің өзгеруі және көз айналасының ісуі байқалуы мүмкін.

«Мен жаңалықты естігенде сынып кеттім, ешкіммен сөйлескім келген жоқ, бәрінен алшақ болғым келді. Тамақ ішпедім, ұйықтамадым және мазасыздықпен қиналдым. Маған жаңа жаңалықтарды хабарлағанда терең тұңғиыққа батып кеттім», - дейді қыздың анасы Даниэль Прайор.

Эви химиотерапияның 6 курсын өтті: олар зақымдалған көзге енгізілді. Ем көмектескеніне қарамастан дәрігерлер қатерлі ісік ешқайда кетпеді және ол оралуы мүмкін деп қорқады. Қыздың анасы мұндай емге келісті, себебі ол түбегейлі әдіске – көзді алып тастау отасына барғысы келмеді.

Бірнеше химиотерапия курсының арқасында қазір Эвидегі аурудың беті қайта бастады, бірақ әр алты апта сайын қызды Корольдік Лондон ауруханасы тексереді.

Даниэль Прайор бұл қатерлі ісікті жай жарылатын бомба деп атайды, себебі ол кез келген уақытта жағымсыз әсер беруі мүмкін. Эви өскенше дәрігерлерге қаралып тұрады. Дәрігерлер қыздың анасына көз өсуін тоқтатқан кезде қатерлі ісіктің оралу қаупі болмайтынын айтқан.

«Қатерлі ісік көзде тұрғандықтан, дәрігерлер отаны қауіпсіз жасай алмайды. Себебі ота кезінде қатерлі ісіктің миға тарап кету қаупі бар», - дейді Даниэль.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале