25.04.2022, 18:49
Оқылды: 244

«Аңызға айналған ұшқыш қыз»

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде осындай атаумен ҚР Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған іс-шара өтті.

IMG-20220425-WA0078

Оқу орнының «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған кештің құрметті қонақтары – қоғам қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері Құжырғали Төлеуішов пен ҚР Мәдениет қызметкері, өлкетанушы Сара Танабаева ҰОС-дағы тұңғыш қазақ әйел-ұшқышы, теңдессіз ерлігі үшін «Қанатты қыз» атанған Хиуаз Қайырқызы Доспанова туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл танымал тұлғалар өңірімізге белгілі кәсіпкер, Жәңгір хан университетінің түлегі Мұрат Жәкібаевтың продюссерлік орталығы таспаға түсірген «Жеңіс тарихы» атты фильмдер топтамасын түсіруге атсалысқан болатын. Соның ішінде Хиуаз Доспанова туралы деректі фильмнің жарыққа шығуына өз үлестерін қосып, қазақтың батыр қызымен арнайы кездескен сәттерін әңгімелеп берді. Шара барысында аталмыш деректі фильмнен үзінділер көрсетілді.

Қонақтардың әсерлі әңгімесін «Әскери кафедраның» сарбаздары үлкен қызығушылықпен тыңдады.

БҚАТУ медиа-орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале