25.12.2023, 11:45
Оқылды: 104

Аралтал ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Бөрлі ауданына қарасты Аралтал ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория ашылды.

Жалпы практика дәрігері, стоматолог кабинеттері, оқшаулағыш, емдеу, егу, физиотерапия, дені сау бала бөлмелері сондай-ақ акушер-гинеколог кабинеті, зертхана, дәріхана сияқты қажетті кабинет, белмелермен қамтылған емдеу орнында күндізгі стационарға жазылған ауыл тұрғындары жататын 8 төсек орын бар. Емдеу мекемесі 15 маманды жұмыспен қамтиды.

медицина жп аралтал (11)

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, үкімет қаулысымен қабылданған "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы арқылы тұрғызылған амбулаторияның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов, ауыл тұрғындары қатысты.

медицина жп аралтал (1)

- "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыс аумағында 50 медициналық нысан салу жоспарланды. Күні бүгін биылға жоспарланған 12 нысанның алтауы халық игілігіне берілсе, жетіншісін Аралтал ауылында тұрғыздық. Қалған бес нысан жыл соңына дейін кезең-кезеңмен беріледі. Баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен, өткен тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, - деді Тілепберген Ерсайынұлы.

медицина жп аралтал (14)

Одан соң медицина саласының ардагер Әли Бектұрғанов сөз алып, осы кезге дейін Ескі Аралтал мен Пугачев ауылына барып ем алып жүрген ауылдағы ағайын сырқатына дауа іздеп сабылмайтыны үлкен қуаныш екенін айтты.

Кейін облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов үш жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.

медицина жп аралтал (10)

Енді аталған көліктер Достық, Қарақұдық және Өспен ауылдарына қызмет көрсетеді.

Түгелбай Бисен,

Фотоға түсірген: Мария Пирог

zhaikpress.kz

медицина жп аралтал (2) медицина жп аралтал (3) медицина жп аралтал (4) медицина жп аралтал (5) медицина жп аралтал (6) медицина жп аралтал (7) медицина жп аралтал (8) медицина жп аралтал (9) медицина жп аралтал (13)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале